Тікелей эфир

Енді кәмелет жасына толмаған балалар банкоматтан 10 мың теңге ғана шешуге құқылы

Бұл жаңашылдықтар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіледі.

Енді кәмелет жасына толмаған балалар банкоматтан бір күнде10 мың теңге ғана шешуге құқылы. 18 жасқа толмағандарға арналған төлем карточкасы арқылы бөліп төлеу шартымен сатып алынған тауар ақысын өтеуге тыйым салынады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл жаңашылдықтар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіледі. Қазір Ұлттық банк кәмелет жасына толмағандар үшін төлем карточкаларын шығару және пайдалану қағидаларын өзгерткелі отыр. Тиісті қаулы 9 қарашаға дейін талқыланады.

Құжат мәтініне қарағанда, Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұратын шетелдіктерге төлем карточкасы заңды рұқсат қағазы ұсынылған жағдайда қолжетімді болмақ. Қағида азаматтығы жоқ адамдарға қатысты да қолданылады.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттен – 2,5 млн теңгеге дейін. Ана мен балаға берілетін әлеуметтік көмектер қандай?


Сондай-ақ, ел аумағынан тыс жерде пайдаланылатын, кәмелетке толмаған адамға шығарылған төлем карточкасы бойынша қолжетімді ақшаның ең жоғары сомасы 500 000 теңге болып бекітілмек. Ал, ел ішінде қолданылатын төлем карточкасы бойынша қолжетімді сома 100 000 теңгеден жоғары емес. Айта кетейік, кәмелетке толмаған балалардың карточкасын тек заңды өкілдері ғана толықтыруға құқылы.

Серіктестер жаңалықтары