
Кейінгі кездері медицина мамандарына зәбір көрсететін жандар күрт көбейді.
Енді Қазақстанда дәрігерлерді соққыға жығып, күш көрсеткендерге жаза күшейтіледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тіпті, ақ халаттыларға қол көтерген азаматтар бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.
Мәжіліс депутаттары қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді көздеп отыр екен. Себебі, кейінгі кездері медицина мамандарына зәбір көрсететін жандар күрт көбейді. Дәрігерлерге балағат сөз айтып, жұдырық ала жүгіретіндерге тек заңмен тоқсауыл қою керек дейді жауапты министр.
Ведомство өкілдері жаңашылдықты бас прокурор да қолдайтынына сенімді. Демек, тәртіпті бұзған азаматтарға айыппұлдан бөлек ауыр жаза да кесілуі ықтимал.