
Енді Алматыдағы қаңғыбас ит-мысықтарға жедел жәрдем келеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Демек, көшелерде көлік қағып немесе бәзбіреулер қастандық жасаған жануарларға алғашқы көмек көрсетіледі. Қала бойынша ветеринарлардан тұратын екі бригада жұмыс істейді. Олар уланған, не ауыр жарақат алған тіршілік иелерін емдеп, клиникаларға апарады.
Әкімдіктің хабарлауынша, мамандар тиісті жабдықпен қамтамасыз етілген.
"Тек бұралқы иттерге ғана емес. Мысалы бізде Алматының шет жағында, Алматы облысымен шекаралас орналасқан жерлерде мал жануарын ұстайтын адамдар да бар. Оларға да енді көмектер көрсетеміз", – деді "Алматы ветеринарлық қызметі" КМК басшысы Қанат Кәкен.