Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші ашылды. Оған қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов бастаған зиялы қауым өкілдері, Жұмабек Тәшеновтің ұрпақтары қатысты.
"Жергілікті билік елемесе де Жұмабек Тәшеновті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі: "Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын" деп айтқан екен. Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы", – деді Оралбай Әбдікәрімов.
Жұмабек Тәшеновтің туғанына биыл – 106 жыл. Ол 1955 –19 61 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, елордада Жұмабек Тәшеновтің атында көше және мектеп бар. Ал 2015 жылы Жұмабек Тәшеновке ескерткіш Петропавл қаласында қойылған болатын.