Елорданың Тұрғын үй басқармасы Elorda zhastary бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесін жариялады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Elorda zhastary тұрғын үй бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелерін қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтынан және zhilfond.kz порталынан көруге болады.
Олар үш тізімде жарияланды: "мақұлданды", "мақұлданды – резерв" және "мақұлданбады".
"Мақұлданды" тізіміндегі азаматтарға өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға ("Спам" папкасында болуы мүмкін), "Отбасы банк" АҚ жіберудің электрондық нұсқасы жіберілді, оны басып шығарып төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астана қаласындағы "Отбасы банк" АҚ кез келген бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. "Отбасы банк" АҚ жолдама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүгінбеу жағдайында, Тұрғын үй орталығы жолдаманың күшін жоюға құқылы.
"Мақұлданды – резерв" тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді, алайда аз балл жинауын және лимиттің аяқталуын ескере отырып, резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігін өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес мақұлданғандардың резервтік тізімінен азаматтарға берілетін болады.
Оқи отырыңыз: Жастарға арналған ипотека, несие, грант, оқу, стипендия және сыйлықтарға шолу
"Мақұлданбады" тізіміндегі азаматтар birge.astana.kz порталындағы жеке кабинетте толығырақ танысуға болатын себептер бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес келмейді.