Тікелей эфир

Елдегі тәртіпсіздік кезінде зергерлік және көлік дүкендері аса ауыр зиян шеккен

Алматы қаласында тұрғын үйдің бір шаршы метрі бір айда 1,5% қымбаттады.

"Атамекен" ҰКП 2022 жылы 13 қаңтарда Қазақстанның он өңірінде 1 731 бизнес субъектісінің зиян шеккенін хабарлады. Соның ішінде 1 591 бизнес субъектісі Алматы қаласында. Зиян көлемі 90 млрд теңгеден астам сомаға бағаланды, деп хабарлайды ranking.kz сайты. 

Зиян шеккен бизнес субъектілерінің ішінде келесілерді ерекше атап өтуге болады:

  • сауда – 1 581;
  • тамақтану орындары – 48;
  • қаржы секторы – 71;
  • логистика – 26;
  • БАҚ – 5.

Шағымдардың дені шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл – марадерлер киім, аяқ киім, тон, азық-түлік тауарлары, ішімдік, балалар бесігі, кассалық аппарат, терминал ұрлаған сауда объектілері. Осындай дүкендердегі шығын көлемі 200 мың теңгеден басталып, бірнеше миллионға дейін барады. 

Бәрінен көп әшекейлер және көлік дүкендері зиян шеккен. Қылмыскерлер көліктің тең жартысын айдап әкетіп, қалған техниканы сындырған. Сондай-ақ, қылмыскерлер алматылықтар көлігін жөндеуге қалдырған ТЖО-ларға шабуыл жасаған. 


Оқи отырыңыз: 


Бұл оқиғалардан ең аз зиян шеккен сектор – құрылыс. Елдегі тәртіпсіздіктер аяқталған соң құрылыс объектілері бірден өз жұмысына кірісті. Мұндай оқиғалардан кейін құрылыс секторының бірінші болып жанданатынына шетелдегі тәртіпсіздіктер дәлел. 2014-2015 жылдары Украинадағы дағдарыстан кейін 2016 жылы құрылыс секторы 15,2% өсті. Осы кезде ел экономикасы тек 2,4% өскен еді. Кейін 2017 жылы құрылыс секторы – 25%, 2018 жылы 8,4% өсті. 

Сондай-ақ, Қазақстанда 1997-1998 жылдары Азия нарығы әлсіреген кезде құрылыс саласы 1997 жылы – 8%, 1998 жылы 15% өскен еді. Ал ЖІӨ 1997 жылы – 1,7% өссе, 1998 жылы 1,9% төмендеді. 2020 жылы мемлекеттегі барлық саланың жұмысы үзіліс жасағанда, құрылыс секторы 11,6% өсті. Ал ел экономикасы 2,5% төмендеген еді.

Десе де, құрылыс секторының жұмысы қарқынды жүргеніне қарамастан, пәтер бағасы керісінше қымбаттады. Елде мародерлер қолынан ең көп зиян шеккен Алматы қаласында тұрғын үйдің бір шаршы метрі бір айда 1,5% қымбаттады. Ал 2021 жылдың шілде айымен салыстырсақ, 23,9% өсті. 

Серіктестер жаңалықтары