Тікелей эфир

Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың 13%-ы ғана қонақүйде түнейді – зерттеу

Ішкі туристердің 66,7 пайызы туыстары немесе таныстарының үйінде тегін орналасуды жөн көреді.

Қазақстан бойынша бір күндік келушілердің неғұрлым жоғары үлесі Ақмола (35,5%), Алматы (33,9%), Түркістан (32,5%), Жетісу (30,2%) және Солтүстік Қазақстан (29,1%) облыстарында тіркелген. Бұл ретте көптеген өңірлердің тұрғындары түнеу сапарларын жөн көреді. Мәліметтер Ұлттық статистика бюросынан алынды. 

Қазақстан бойынша ішкі келушілер өткізген түндердің жалпы саны 20 миллионнан асты. 

Ел бойынша iшкi туристердiң сапарларының орташа ұзақтығы түнгi небәрi 2,6 (Қазақстан бойынша тұтастай алғанда). Тұрғындары ұзағырақ демалғанды жөн көретін өңірлер – Алматы қаласы (4,1 түн), Солтүстік Қазақстан (4,1 түн) және Шығыс Қазақстан (4 түн) облыстары. 

Ел ішіндегі саяхат кезінде туристердің басым көпшілігі (66,7%) туыстары немесе таныстарының үйінде тегін орналасуды жөн көреді. Қонақүйлерге ішкі туристердің 13,4% ғана басымдық береді, ал 2022 жылы жалдамалы пәтерлерді 12,1% пайдаланды.

Қонақүйлер Алматы облысы (31%), Алматы (24,1%), Қарағанды облысы (23,5%), Қызылорда облысы (17,5%), Шымкент қаласы (16,2%), Астана қаласы (15,1%) сияқты өңірлердің тұрғындарынан да сұранысқа ие.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар шетелге ел ішіне қарағанда 10 есе сирек барады – статистика


Бір қабатты бунгало, ауылдық үйлер, коттедждер Шығыс Қазақстан (22,5%) және Ақмола (16,6%) облыстарының тұрғындары арасында сұранысқа ие.

Серіктестер жаңалықтары