"Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметінше, сайлауда дауыс берген халықтың үлесі 54,83 пайызды құрайды. Зерттеу респонденттерге қай партияға дауыс бергені туралы сұраққа алынған жауаптар негізінде жасалған.
Оның нәтижесі төмендегідей:
- Amanat – 53,33%;
- Ауыл – 11,26%;
- Ақ жол – 8,87%;
- Respublica – 8,33%;
- ҚХП – 6,93%;
- ЖСДП – 5,12%;
- Байтақ – 2,51%;
- Бәріне қарсымын – 3,65%.
Сайлаушыларға ұлттық сауалнама жүргізуге тапсырыс беруші – жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары 31 арна, КТК телеарнасы, Informburo.kz және Zakon.kz порталдарының консорциумы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live
Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы.