Астана сотында өзінің жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Істі астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр.
Алғашқы кездесуге марқұмның туыстары: ағасы Айтбек Амангелді, ағасы Қайрат Нүкенов келген. Сот залында айыпталушының анасы, кәсіпкер Альмира Нұрлыбекова отыр.
Қуандық Бишімбаевтан бөлек оның туысы, "Гастр орталығының" директоры Бақытжан Байжанов отыр.
Кездесуге ондаған журналист келіп, баспасөз орталығына орналастырылды.
2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Хабарланғандай, 8 қараша күні кешке Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм экс-министрдің әйелі, Павлодар қаласының тумасы Салтанат Нүкенова болып шықты. Бишімбаевтың өзі сол күні кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Оқи отырыңыз: "Бишімбаев синдромы": Жаңа заңдар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шеше ала ма
Оған бастапқыда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі (Асқан қатігездікпен жасалған адам өлтіру) бойынша айып тағылса, кейін оған 110-бабының 2-бөлімі (Қинау) бойынша айып қосылды.