Тікелей эфир

Екі ұлттық паркте қар барысы фототұзаққа ілікті

Қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.

Қар барыстары бірден екі ұлттық паркте видеоға түсіп қалды, деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Алтын-Емел ұлттық паркінде фототұзаққа түскен қар барыстары. 

Жыртқыш 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейді. Осы жолы олар Алтын-Емел және Сайрам-Өгем  ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен.

"Аталмыш жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған", – деп жазылған хабарламада.

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде фототұзаққа түскен қар барысы. 

Қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.


Оқи отырыңыз: "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары