Тікелей эфир

Екі майдангерге "Халық қаһарманы" атағы берілді

Ардагерлерге "Алтын жұлдыз" бен "Отан" ордендері табысталды.

Мемлекет басшысы соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке "Халық қаһарманы" атағын беріп, оларды айрықша ерекшелік белгісі – "Алтын жұлдыз" бен "Отан" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

"1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі,  батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", – делінген жарлық мәтінінде. 


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады


Дәл осындай мәтінмен жазылған жарлықпен Иван Степанович Гапичке "Халық қаһарманы" атағы берілді. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары