Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазақстанның былтыр 1 қыркүйекке дейін келген экокласы төмен автомобильдерді заңдастыруына рұқсат берді, деп хабарлады kolesa.kz.
Комиссия шешіміне сәйкес, 2023 жылдың 1 тамызына дейін 12 мың машина тіркеуге рұқсат етіледі. Экокласты есепке алмай рәсімделетін техпаспортта көліктің елден шығуына тыйым салатын белгі болады. Ол үшін құзырлы органдар жеңілдікпен тіркелген машиналардың тізімін жасап, нөмірін, маркасын және коммерциялық атауын жазуға, сонымен қатар олардың ел аумағынан шығуына жол бермейтін шара қолданып, ортақ базаға енгізуге тиіс.
Экокласы еуро-4-тен төмен техниканы үкімет арнайы қаулы қабылдағаннан кейін есепке қюға болады.
Оқи отырыңыз: 2023 жыл басынан бері Қазақстанда 70 мыңға жуық көлік заңдастырылды
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кірген ескі көліктерге куәлік рәсімдеуге рұқсат беруді ұсынған болатын.