Тікелей эфир

"Дүкендер сатпайды". Қызылорда облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл бар

Ауылдағы дүкендердің алкоголь сатуға лицензиясы болғанымен, ішімдік сатпайды.

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының Еңбек ауылы түгел ішімдіктен бас тартты. Бұл туралы Massaget.kz порталы жазды. 

Жалағаш ауданының Еңбек ауылында 300-ден аса үй бар. Ауыл әкімі Қайрулла Қалдановтың айтуынша, ауылдағы дүкендер ішімдік сатпайды.

"Бір үлкен, бес шағын дүкен бар. Арақ сатуға лицензия алғанымен ешқайсы ішімдік сатпайды. Иелері бар, халық бар, өзара келісіп, бір ауыздан осылай ұйғарған", – деді ауыл әкімі Қайрулла Қалданов.

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Фатима Тілеуова дүкен сөрелерінде ішімдік болмағаны құптарлық қадам дейді.

"Арақ-шараптың орнына қымыз, саумал, айран сатылады. Ауыл адамдарының, оның ішінде жастардың жат әдетке жақындығы жоқ. Қонақ келгенде де арақ іздеп сабылмаймыз", – дейді Фатима Тілеуова.

Серіктестер жаңалықтары