Тікелей эфир

Дүйсенова Қазақстан мен Ресей аналарға қанша төлейтінін салыстырды. Қайсы көп

Ресейде ана капиталы берілсе, Қазақстанда жәрдемақы төлеу жүйесі жұмыс істейді.

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Қазақстан мен Ресейдегі аналарды қолдау жүйесіне салыстыру жасады. 

Оның түсіндіруінше, Ресейдегі ана капиталы уақытша ғана шара және халықтың туу көрсеткішін өсіру үшін жүзеге асырылып жатыр. Төлем сертификат түрінде рәсімделеді және оны бала 3 жасқа толғаннан кейін ғана белгілі бір мақсаттарға жұмсай алады (тұрғын үй сатып алуына, білім алуына жұмсауға). Алайда оны пайдалану үшін төлем қабілеттілігін растау қажет. 

Ал Қазақстандағы жәрдемақының Ресейдегі жүйеден айырмашылығы – ол ай сайын төленеді және оны қолдануға шектеулер жоқ. 

"Мысалы, 2024 жылы 4 баласы бар отбасына ай сайын 59 183 теңге төленіп келеді, ол орта есеппен 18 жылда (кәмелеттік жасқа толғанға дейін) жалпы сомасы кем дегенде 12,8 млн теңгені құрайды. Бұл көрші елдің төлемақысынан бірнеше есеге артық, әлдеқайда тиімді және жәрдемақы төлемдерінің уақытылы әрі тұрақты төленетініне кепілдік берілген. Аталған жәрдемақы төлемдерін отбасы жинақтауға мүмкіндігі бар және белгілі бір мақсаттарға ғана емес, қажеттілігі бойынша жұмсауға болады", – деп жауап берді Тамара Дүйсенова. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер 7 пайызға артады


 

Серіктестер жаңалықтары