ДСМ мүгедектерге жарық пломбасын қолдану туралы Мәжілістің ұсынысын қолдады

Оны жүзеге асыру үшін 2025 жылға арналған медициналық қызмет тарифтері қайта қаралады.

Денсаулық сақтау министрлігі Мәжіліс депутаттарының мүгедектігі бар жандарға стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жарық пломбасын қолдануға қатысты ұсынысты қолдайды. Бұл туралы министрліктің депутаттық сауалға әзірлеген жауабынан белгілі болды. 

"Бүгінгі таңда МӘМС жүйесі шеңберінде химиялық қатайтылған композиттік материалдан  жасалған пломбалар көзделген. Химиялық қатайтылған композит стоматологиялық емнің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және балаларға қолдануға ұсынылады. Халықтың қажеттіліктері мен өтініштерін ескере отырып, тұтастай алғанда Министрлік МӘМС шеңберінде жарық пломбаларын қолдана отырып көрсетілетін стоматологиялық қызметтер тізбесіне енгізу бойынша Сіздің ұсыныстарыңызды қолдайды", – делінген министрлік жауабында. 


Оқи отырыңыз: 


Дегенмен, ДСМ түсіндіруінше, жарықты қатайтатын пломбаларды қолдану ХҚКМ-дан пломбаны тең тиімділікпен қоюға қарағанда қымбатырақ, бұл қосымша есептеулер мен қаражатты талап етеді. 

"Осыған байланысты МӘМС шеңберінде халықтың нысаналы топтарына көрсетілетін қызметтер тізбесіне жарықпен қатайтатын пломбаны қолдана отырып көрсетілетін қызметтерді қосу мәселесі, бюджет мүмкіндігін ескере отырып, 2025 жылға арналған медициналық қызметтерге тарифтерді қайта қарау жөніндегі жұмыс жоспары шеңберінде құнды қалыптастыру нәтижелері бойынша шешілетін болады", – деп жауап берді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. 

Серіктестер жаңалықтары