Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі сұйықтықтарында бейнеленетін ескертулердің эскизін әзірлеп, оны "Темекі өнімдері мен никотинді тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздерін бекіту туралы" денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы бұйрығына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасынан белгілі болды. Ол 3 наурызға дейін онлайн талқылауда болады.
Өзгерістерге сәйкес, енді ескертпе суреттер электронды темекі сұйықтықтарында да бейнеленуі тиіс. Төменде ескерту эскиздерін ұсынып отырмыз. Бұл эскиздер электронды темекі сұйықтықтарымен қатар қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға да қолданылады.
Оқи отырыңыз:
- Электронды шылым темекіден бас тартуға көмектесе ме? Нарколог жауабы
- Қазақстанда вейп шегуге және сатуға тыйым салынады
Еске салайық, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы 590 теңгеден (2022 жылға бекітілген баға) 650 теңгеге өсті.