
Disney компаниясына әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік саясаты аясындағы кей бастамалардан бас тартты, деп хабарлады The Hollywood Reporter.
Reimagine Tomorrow бастамасы аясына компания түрлі нәсіл және этникалық топ, ЛГБТ өкілдерін, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап келген болатын. Өз туындыларының кейіпкерлері арасындағы осы аталаған топ өкілдерінің болуы бұлжымас тәртіпке айналған еді. Тіпті, "Оскар" сыйлығына үміткер кинотуындылардың екінші рөлдегі кейіпкерлерінің кем дегенде 30 пайызын әйелдер, түрлі нәсіл мен этникалық топтар, ЛГБТ өкілдері құрауы тиіс.
Disney компаниясының бұл шешіміне АҚШ президенті Дональд Трамптың әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік саясаты аясында азаматтардың құқығының және федералды заңдардың бұзылуын зерттеу жөніндегі жарлығы себеп болып отыр.
Еске салайық, соңғы жылдары Голливуд кинотуындыларындағы кейіпкерлердің әртүрлілігі әлем көрермендері тарапынан қатаң сынға қалып жүр. 2024 жылы жазда Disney компаниясының бизнес жөніндегі вице-президенті Майкл Джордано компания басшылығы тарапынан "әртүрлілік" бойынша қысым күшейгенін мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз: 52 сеанстың үшеуі ғана қазақша: "Моана 2" фильмінің Алматыдағы премьерасы сынға қалды