Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин "Жаңа Қазақстан" атты депутаттық топ құрылатынын жария етті.
"Қаңтар айының басында еліміз бұрын соңды болмаған қиын жағдайды басынан өткізді. Қазақстанға қастық ойлаған ішкі және сыртқы жаулар мемлекетіміздің шаңырағын шайқап, керегесін сөккілері келді. Опасыз экстремистік топтардың әрекетінен бауырларымыздың қаны төгілді, азаматтарымыз ауыр жарақаттар алды, мемлекеттік және кәсіпкерлерік нысандарға және мүліктерге нұқсан келді. Халықтың сабырлығы мен ауызбіршілігінің, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың табандылығы, қайсарлығы және Республикаға, Конституциялық құрылымға қарумен қарсы шыққан содырлар мен бандиттерді жою жөніндегі жауапты шешімінің арқасында, мемлекеттің егемендігі және тұрақтылығы сақталып қалды. Бұл жағдай кездейсоқ болған жоқ. Елімізде көптен бері қордаланып, әділетсіздік пен жемқорлықтың кесірінен шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер оқиғаның тұтануына себепші болды", – деді Еділ Жаңбыршин.
Оқи отырыңыз:
- Nur Otan депутаты: Ақшасы барлар долларды ұлттық банк есебінен "жақсы бағаға" сатып алды
- Мәжіліс депутаты: "Алтын орда" базарын бизнес ортаға айналдыру сондағы жастардың әлеуметтенуіне көмектеседі
Ол Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында "Жаңа Қазақстан" атты депутаттық топты құрылғанын жариялады.
"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешіуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі", – деді Еділ Жаңбыршин.