Тікелей эфир

Депутат: Кейбір қазақстандық 4000 теңге қарыз үшін банкротқа ұшырады

Мәжілісмен көптеген азамат банкрот болудың салдарын толық түсінбейтінін айтты.

Жеке тұлғаны соттан тыс банкрот деп тану рәсімінен өткен 140 қазақстандықтың несие бойынша берешегі 150 мың теңгеден аспаған, деп мәлімдеді мәжілісмен Берік Бейсенғалиев парламенттік тыңдауда.

18 жағдайда қарыз 50 мыңнан аспаса, 4 жағдайда қарыз мөлшері 4000 теңгеге жетпеген.

"Бұл – біздің азаматтардың банкроттықтың салдарын толық түсінбейтінін көрсетеді. Банкрот болудың тиімсіз тұсы да бар. Атап айтқанда, жаңадан несие алу мүмкін болмай қалады және басқа да шектеулер бар", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Қошанов: Несие берудің шарттарын қайта қарап, қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейту керек


Сондай-ақ, ол соттан тыс банкроттық туралы өтініш білдірген 67 мың адамның 6%-ға жуығы ғана мақсатына жеткеніне назар аударды. Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды нақтылау қажеттігін көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары