Тікелей эфир

Депозиттен 10 пайыз: Қанша салымшы өтемақы алады?

Оны алу үшін 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш беру керек.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтардың 2022 жылғы 23 ақпаннан бері теңгемен ашылған депозиттер бойынша 10% көлемінде өтемақы алуға өтінім қабылдау жалғасып жатқанын еске салды.

Қордың жобалауынша, мұндай өтемақыны шамамен 5 миллионнан астам азамат ала алады. 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшердегі депозитке салымшылардың 97 пайызы ие болса, олардың басым бөлігіндегі (86 %) депозит мөлшері 1 миллион теңгеден төмен. 

Еске салайық, әр банктің өтемақы төлеу шарттары, тәртібі, мерзімі әртүрлі. Сондықтан өтемақы алу үшін салымшы депозиті бар банкке тікелей хабарласуы қажет. Кейбір банктерде төлемге онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар, деп мәлімдеді ҚДКБҚ баспасөз қызметі. 

"Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит ашылған болса, сіздің бұл сыйлықақыны алуға құқығыңыз бар. Өтемақы салымының ең жоғары сомасы 20 миллион теңге болғанымен, статистика көрсеткендей, өтемақы төлеуге негізінен 1 миллион теңгеге дейінгі депозиттер жатады", – деді қор төрағасы Әділ Өтембаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың теңгедегі депозиттері бойынша бюджет есебінен өтемақы төленеді


 

Серіктестер жаңалықтары