Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ашық диалог құру мақсатында жаңа жоба басталғанын хабарлады.
"Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды", – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: Ажар Ғиният: 2-3 айдың ішінде 10 млн адамды егуге болады. Сонда Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптасады
Ажар Ғиният қарапайым азаматтар мен қоғам мүшелерін жобаға қолдау көрсетуге шақырды.
"Жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін "100 күн – 100 сұрақ" бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз", – деп толықтырды министр.
Жоба аясында азаматтар медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы ұсыныс білдіре алады.
Ол үшін төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға жазу қажет: