Тікелей эфир

Денсаулық министрі ағза донорлығы туралы: Мұны мәжбүрлі түрде жасауға болмайды

Министр донор болу тәртібіне қатысты жұмыстың реттелгенін атап өті.

Біздегі заңнама ағза донорлығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды халықтың қолдауымен кезең-кезеңімен іске асыратын боламыз, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

"Қазақстанда адам қайтыс болғаннан кейін донор болу тәртібіне қатысты жұмыс реттелген. Дегенмен бұл салада әлі де жетілдіре түсетін тұстар бар", – деді министр. 

Мұнымен қатар, ол бұл мәселеде міндетті түрде халықтың пікірі ескерілетінін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: "2-ақ сағат уақыт бар": Алматыда дәрігерлер тұңғыш рет жүрек ауыстыру отасын жасады


"Біріншіден, мұны мәжбүрлі түрде жүзеге асыруға болмайды. Меніңше, алдымен халықтың өзі дайын болуы керек. Қазақстан заңнамасы ағза донорлығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тиісті қадамдарды ақпараттық жұмыс және халықтың қолдауы арқылы кезең-кезеңмен іске асыру керек", – деді Ақмарал Әлназарова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары