ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кей жекеменшік ұйымның атауын әдейілеп республикалық орталықтарға ұқсас етіп қоятынына тоқталды. Осы орайда, ол осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
"Кейбір жекеменшік ұйымдар атауын министрліктің "Дарын" орталығымен аттас етіп қойып алған. Атауына тағы бір сөз немесе атақ қосып, кейін республикалық мемлекеттік ұйым сияқты жұмыс істегісі келеді. Бәріміздің көзіміз ашық. Сондықтан осы тарапта да тиісті жұмыстар жүргізуіміз қажет", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ
Еске салайық, биыл шілде айында Асхат Аймағамбетов "Дарын" мектептеріндегі оқушылардың ҰБТ-да төмен балл жинайтынын сынға алған болатын.
"Дарынды балаларды мектепке қабылдау орталықтың өзіне тапсырылды. Оқушылар "Дарын" орталығында тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша мектептерге қабылданады. Енді осы жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек", – деп мәлімдеді сол уақытта оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.