Тікелей эфир

Дәрігерлер дабыл қағуда: Биологиялық белсенді қоспалар адам өміріне қауіпті ме?

Елімізде дәрумен ретінде биологиялық белсенді қоспаларды оңды-солды тұтынатын тұрғындар көбейіп барады. Дәрігерлер бұл өте қауіпті екенін айтуда.

Дәрігерлердің пікірінше, белсенді қоспаларды шектен тыс қолдану – онкологиялық аурулардың асқынуына алып келеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Медициналық сарапшылар Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге ден қойып, биологиялық қоспаларды қолдану жүйесін бір ретке келтіретін кез келгенін айтты. Олар мұндай дәрумен, ұнтақ түрлерін дәріханаларда тек дәрігердің рецептісімен сатуды ұсынады.

"Техникалық регламент талаптарына сай барлық тағамға биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркеуден өту керек. Куәлігі жоқ қоспаларды қолдануға болмайды, себебі адам өміріне қауіпті. Оның қай жерде жасалғаны белгісіз. Құрамына не қосқаны белгісіз", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қарлығаш Әбдішова.


Оқи отырыңыз: "Тұмау шәрбаты". Қазақ ғалымы дәрілік шөптерден түрлі вирусқа қарсы тұнба әзірледі.


Медицина саласындағы сарапшы Расул Дүйсенов әртүрлі биоқоспаларды қолданудың салдары аурудың асқынуына әкелуі мүмкін екеінін айтты,. Кейбір биологиялық қоспада дәрумендердің көлемі шектен тыс көп болуы мүмкін. Оның соңы бауырдың жұмысына кері әсер етіп, тіпті онкологиялық аурулардың пайда болуына әкеп соғады.

"Белсенді қоспаларды сатуға тыйым салу – мәселені шешпейді. Ол жасырын нарықта жүре береді. Ең басты міндет – ол қоспалар әркімнің қолында болмауы керек. Меніңше, тек арнайы мамандар ғана халыққа бұл қызметті көрсете алуы қажет", – деді медициналық сарапшы Расул Дүйсенов.  


Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 10% қымбаттады.


 

Серіктестер жаңалықтары