Тікелей эфир

Дәрігер тапшылығын жою үшін медицина мамандығына 6 мың грант бөлінді

Биыл науқастарға берілетін тегін дәрілердің де тізімі ұлғайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният президенттің тапсырмасымен медицина саласына көп көңіл бөлініп жатқанын айтты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мемлекеттің қолдауымен ауыл-аймақтағы мейіргерлердің қатары көбейіп жатыр. 50 адам тұратын елдімекенге бір медицина қызметкері жіберілсе, 500 тұрғыны бар аймақта ақ халаттылардың саны үш есе артты.

"Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын министрлік кешенді жұмыс жүргізіп орындауда. Осы тапсырмаларды іске асыру халықтың өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа дейін өсуіне әсер етті. 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 жылға өсті", – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.


Оқи отырыңыз: Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар білім грантын еңбекпен өтеу міндетінен босатылмақ.


 

Серіктестер жаңалықтары