"Дәптерін таза ұстамаған". СҚО-да қызын пышақтаған әйелге сот үкімі шықты

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
Сот айыпталушыға үкім шығарар кезде оның бұрын сотталмағанын және аяғы ауыр екенін ескерді.

Еліміздің солтүстігінде дәптерін таза ұстамағаны үшін қызын пышақтаған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Инара Ислямова алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы кінәсін толық мойындаған. Жаға ұстатарлық жағдай былтыр күзде болған. 

Уәлиханов ауданындағы Өндіріс ауылының тұрғыны 11 жастағы қызының үй тапсырмасын тексерген. 

Тергеудің мәліметінше, анасы қызының өз дәптерін ұқыпты, таза ұстамағанын көріп ашуға булыққан. Сөйтіп ас үй пышағын жеткіншектің екі жамбасына сұғып алған. Алты баланың анасы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Өз баласына қастандық жасаған келіншектің жетінші сәбиіне жүкті екені белгілі болды. 

"Сот айыпталушыға үкім шығарар кезде оның бұрын сотталмағанын және аяғы ауыр екенін ескерді. Бірақ бір жағынан кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасағандықтан бас бостандығынан айыру жазасы шығарылды. Бұл бап бойынша 6 жылдан 10 жылға дейін сотталады. Демек, біз мүмкін болған ең төмен жазаны кестік", – деді СҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әсемгүл Тоқтарбаева. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары