Енді коронавирус жұқтырған науқастардың барлығы бірдей ауруханаға жатқызылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, стационар мен реанимация және интенисивті терапия бөліміне тек ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастар қабылданады, деп хабарлады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырған жасы 60-тан асқан, созылмалы ауруы бар адамдар ғана емделеді. Егер індетке шалдыққан науқастың өкпесінің зақымдалуы 50 пайыздан аспаса, онда ол ауруханаға жатқызылмайды. Сондай-ақ, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар, жеңіл түрімен ауырып жатқандар және ауруы орташа деңгейдегі науқастар, стационардан шығарылғаннан кейін Covid-19 белгісі бар науқастар үйде емделеді.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: