"Chevron Direct Investment Fund Ltd." жеке компаниясы (CDIF) Маңғыстау облысындағы қазақстандық жаңартылатын энергия көзін өндіруші компания "КТ Редкометальная компания" БК" ЖШС-мен құны 19 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық келісімшарт жасады.
Бұл инвестиция Маңғыстау облысындағы үш жел электр станциясын біріктіруді көздейді, олар – Форт-Шевченко, Сервиc және Жаңғыз ЖЭС. Бұл келісімшарт аймақтағы жалпы қуаты 58,6 мегаватт электр энергиясын өндіретін жел электр станцияларының ең үлкен тобын құруға бағытталған.
"КТ Редкометальная компания" БК" ЖШС қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жаңартылатын энергия көздерінің ең ірі өндірушісі – Форт-Шевченко ЖЭС-нің тиімділігі мен электр энергиясын өндіру қуатын арттыру мақсатында оны толықтай жаңғыртудан өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, "КТ Редкометальная компания" БК" ЖШС жаңартылған өндірістік техникалық талаптарға сәйкес болу үшін негізгі өндірістік қызметкерлер санын да арттырады.
"Қазақстан Республикасының көміртек шығарындыларын азайту бағытындағы міндеттемелерін орындауда демеу болатын, жаңартылатын энергия көзін өндіретін жел электр станцияларына инвестиция салатынымыз туралы қуанышпен хабарлаймыз. Мұндай бастама экономиканы көтеруге, жұмыс орындарын ашуға, жергілікті бизнесті қолдауға және тұрақты дамуды ілгерілетуге септігін тигізеді", – деді ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
CDIF жеке компаниясының мақсаты – әр түрлі салалардағы, соның ішінде мұнай-газ саласындағы өңдеуші кәсіпорындар және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, жергілікті жеткізу тізбегін дамыту, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологияларды дамыту салаларындағы кәсіпорындардың әлеуетін арттыруды көздей отырып, коммерциялық тұрғыдан тиімді кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына оң үлес қосу.
"КТ Редкометальная компания" БК" ЖШС сенімді бизнес жоспарын ұсына отырып, Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді. Сондай-ақ, компания CDIF-тің барлық іріктеу критерийлеріне сәйкес келді.
"Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестігіміз отыз жылдан астам уақыт көлемінде жалғасуда, осы бір маңызды меже біздің халыққа, серіктестікке және іскерлік көрсеткіштерімізге деген адалдығымызды көрсетеді. Біз елдің жасыл энергияға көшу және көміртегі шығарындыларын азайтуда маңызды рөл атқара алатынымызға сеніміміз зор. "КТ Редкометальная компания" БК" ЖШС-не инвестиция салу арқылы біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп сенеміз", – деді "Chevron Direct Investment Fund Ltd." жеке компаниясының басқарма төрағасы Дэймон Торнберг.
Компания жергілікті өндірістерді дамыту мақсатында Қазақстанда тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді іздеуді жалғастырады. Әлеуетті кәсіпорындарды іріктеу критерийлерінің тізбесін, инвестициялық процестің сипаттамасын, қаржыландыруға өтінім беру нысанын, және толығырақ ақпарат алу үшін CDIF-тің www.cdif.kz веб-парақшасына өтуге шақырады.
"Шеврон" туралы:
"Шеврон" – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, сутек өндірісі, көміртекті ұстап қалу, оффсетті пайдалану және басқа технологиялар сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. "Шеврон" туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
"Chevron Direct Investment Fund Ltd." ЖК "Астана" халықаралық қаржылық орталығында (АХҚО) тіркелген жеке компания. Олар “Шеврон” компаниясы Қазақстандағы әртүрлі салалардағы, соның ішінде ақпараттық және цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ саласындағы тауар өндіру және қызмет көрсету салаларындағы жергілікті кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасын дамытуды қолдауды жоспарлауға көмектесетін құрал. Толығырақ ақпарат алу үшін www.cdif.kz сайтын қараңыз.
"Chevron Direct Investment Fund Ltd." ЖК – ұжымдық инвестиция салу Қоры емес және оның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (Astana Financial Services Authority, AFSA) кез келген қаржылық қызметті жүргізуге тиісті лицензиясы жоқ.