Тікелей эфир

Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson. Қазақстанда қандай көліктерге сұраныс жоғары?

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы өнімі Қазақстанда шығатын ең танымал бес брендті атады.

ҚАБҚ хабарлауынша, 2022 жылы қазақстандықтар арасында Chevrolet, Hyundai, Kia, JAC, Lada көліктерін сатып алушылар саны басым болса, олардың ішінде ең танымал көлік маркалары Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia болды:

  • Chevrolet – 31 063;
  • Hyundai – 28 863;
  • Kia – 11 480;
  • JAC – 5 764;
  • Lada – 4 872. 

Жыл басынан бері Қазақстанда 88 064 автокөлік пен арнайы техника жасалса, бұл 2021 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 24% жоғары.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 10 млн теңгеге қандай көлік сатып алуға болады?


Қазақстанда жасалған көліктер арасында жеңіл автокөліктердің үлесі басым. Олардың саны – 80 251. Қалған көліктер мен техникалардың үлесі төмендегідей:

  • жүк көлігі – 5 916;
  • тіркеме мен жартылай тіркеме – 552;
  • арнайы техника – 363.
Серіктестер жаңалықтары