Банк өз клиенттерінің осы айдағы несие төлеу мерзімін ұзартты.
"ЦентрКредит" банкі елдегі тәртіпсіздік кезінде көз жұмған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы банктің PR-қызметі хабарлады.
"ЦентрКредит" банкі қызметін орындау кезінде көз жұмғандардың отбасына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, марқұмдардың отбасылық несиесін жауып беруге дайын. Көз жұмған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилердің отбасына, жақын дос-туысқандарының қайғысына ортақпыз", – делінген банк хабарламасында.
Бұған дейін банк жағдай тұрақталғанша барлық клиентке несиесін төлеу мерзімін ұзартатынын хабарлаған болатын.