Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді Capital Bank Kazakhstan АҚ салымшыларының барлығы бірдей алмағанын хабарлады. Бүгінгі таңда ҚДКБҚ таратылатын банктің салымшыларына 1,5 млрд астам теңгеге өтем төледі. Бір қолға төленген максималды өтем сомасы – 15 млн теңгені құраса, ең аз төлем – 10 теңгеге дейін болды.
ҚДКБҚ салымшылардың осы уақытқа дейін талап етілмеген кепілдік өтемақы мөлшері негізінен азғантай сома екенін хабарлады. Оларды алу үшін "Еуразиялық банк" АҚ агент банкінің бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ. Төлемдердің электрондық порталын пайдалана отырып, кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті тез арада онлайн беруге болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының 80 пайызы ақша жинамайды
Ол үшін салымшының (банктік шоттардың, төлем карточкаларының және депозиттерінің иесі) ағымдағы электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Одан әрі ол бейне тексеруден өтуі немесе ұялы телефон нөміріне алынған бір реттік құпиясөзді (кодты) енгізуі қажет. Өз кезегінде салымшылардың мұрагерлері, олардың заңды өкілдері және басқа да құқық иелері, сондай-ақ дәстүрлі банктік қызметтерді қалайтын тұлғалар өздерінің растайтын құжаттарын ала отырып, агент-банкке жүгінуі қажет.
Capital Bank Kazakhstan АҚ салымшылары соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 3 шілдесіне дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш бере алады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін ҚДКБҚ таратылатын банк салымшыларының талап етілмеген сомаларын олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударады. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ақша қаражаты төлем мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2 тамызды қоса алғанда төлем мерзімі аяқталғанға дейін аударылады", – деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.