Тәуір болғанша дейін құсқа "Бурабай-Даму" мекемесінде күтм жасалады.
Ақмола облысы Бурабай ауданы Баянбай ауылының тұрғындары Александр Фуртин мен Александр Бряков ауыл маңында әлсіреп, өлім аузында жатқан бірқазанды тауып алған. Бұл туралы журналист Арнұр Асқар Facebook парақшасында жазды.
Суда жүзуге де, балық аулауға да шамасы қалмаған құсты тұрғындар аудан орталығындағы "Бурабай-Даму" мекемесіне әкелген. Бұл мекеме туристік ойын-сауықтар ұйымдастыратын, музейі мен зообұрышы бар орталық болып табылады.
Шағын зообақта елік, қабан, түйе және өзге де жануарлар бағылады. Бірқазан да тәуір болғанша дейін осы жерде болады.
Оқи отырыңыз: