Париж Олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.
Алдымен 12:00–де таеквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.
Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.
Сонымен қатар 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.
Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.
Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.
Айта кетейік, Олимпиаданың 13-ші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.