Тікелей эфир

БҚО әкімі қытайлық инвесторға жер берілмейтінін айтты

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында киік етін және өзге де бөліктерін өңдеуге қатысты сауалға жауап берді

Тілшілер мұндай өндіріске қытайлық инвесторды тарту үшін жер беріле ме деп сұраған еді.
 
Аймақ басшысы көрші елден инвестор келіп, зауыт салу ұсынысын білдіргенін айтты. Алайда жер беру туралы шешім болмағанын жеткізді. 
 
Бұл тұста қытайлық компанияның  ұсынысы елді елең еткізді. Әлеуметтік желілерде әкімнің жауабы толық берілмей, бұрмаланған ақпарат тарады. Аймақ басшысы осы аптада Жаңақала ауданының жұртшылығымен кездесуде бұл мәселеге қатысты сауалға нақты жауап берді.

"Қытайлықтарға болсын, кез келген шетелдіктерге болсын, заң бойынша жер жалға да берілмейді, сатылмайды да", – деді Нариман Төреғалиев.

Серіктестер жаңалықтары