Тікелей эфир

"Болашақ" стипендиаттары енді келісімшартқа қол қою үшін Астанаға бармайды

Орталық 30 жыл дегенде келісімшарт жасау процесін цифрландырды.

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары тұңғыш рет келісімшартқа онлайн форматта қол қойды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова хабарлады

"Болашақ" бағдарламасы іске қосылған 1994 жылдан бері стипендиаттар мен олардың гаранттары келісімшартқа қол қою үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұйымның бас кеңсесіне (алғашқы жылдары Алматыға, кейін Астанаға) келуге мәжбүр болатын. 

"Бұл стипендиаттар үшін үлкен қиындықтар тудырып келген еді. Өйткені, келісімшартқа қол қоюдың өзі 60-90 күнге созылатын", – деді Әлия Оспанова. 

Қазіргі таңда оқуды ұйымдастыру туралы, кепілдік туралы шарттарға онлайн қол қоюға болады. Енді кепіл туралы шартқа қол қою процесі цифрландырылып жатыр. 

Еске салайық, Халықаралық бағдарламалар орталығында биыл 8 қаңтарда тұңғыш рет шарттарға онлайн қол қоюға бронь беру тәртібі енгізілді. 


Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясының мөлшерін арттыру көзделіп отыр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары