2024 жылдан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын бұл тізбеде 190 қызмет түрі болса, енді мұндай қызмет түрлері 364-ке жетті.
"Аталған өзгеріс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1240 қаулысымен қабылданды, Қаулының күшіне енуінің жоспарланған күні – 2024 жылғы 15 қаңтар. Осыған байланысты, бөлшек салық режиміне ауысқысы келетін салық төлеушілер 2024 жылғы қаңтарда қолданылатын режим туралы хабарламаны ұсынуы қажет. Бұл хабарламаны "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы беруге болады", – деп жазылған хабарламада.
Режимді қолданудың басталатын күні – осындай хабарлама берілген айдан кейінгі айдың бірінші күні (яғни 2024 жылғы 1 ақпанда).
Оқи отырыңыз: Жаңа заң қабылданды: Бөлшек салық салу тәртібі қандай?
Бұл ретте 2023 жылдың және 2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша кәсіпкер бұрын қолданған салық режимі бойынша декларацияны тапсыруы тиіс.