Тікелей эфир

"Біз суды тым орынсыз жұмсаймыз". Президент су үнемдейтін технология енгізуді тапсырды

Ол Түркістан және Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі аса жоғары екеніне тоқталды.

Суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

"Әсіресе, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы жағдай мүшкіл, құрғақшылық қаупі аса жоғары. Соған қарамастан, осы аймақтарда тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек, су үнемдейтін технологияны енгізу қажет. Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет жасау керек", – деді мемлекет басшысы.

Ол ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн екенін айтты.

"Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. "Судың да сұрауы бар". Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы құрылыс саласы туралы: Азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет


 

Серіктестер жаңалықтары