2021 жылдың қаңтар-маусым айларында елге 4,6 мың адам көшіп келді. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,9% аз. Осы уақытта пандемияға қарамастан елден 14,2 мың адам кетті. Өткен жылмен салыстырғанда 29,3% көп. Бұл мәліметтер Ranking.kz зерттеуінде келтірілген.
Айта кету керек, 2015-2019 жылдары аралығында елден кеткендердің саны үнемі өсіп отырды. 2020 жылы керісінше карантин және шекаралардың жабылуына байланысты көрсеткіш төмендегенімен, биыл эмиграция қайта жандана түсті. Мұнымен қатар, елге көшіп келушілер саны аз болып тұр. Елге келгендер мен кеткендер арасында 3,1 есе айырмашылық бар.
Елден көшкендер саны:
- қаладан – 11,9 мың адам көшті, өткен жылмен салыстырғанда 29,1% көп;
- ауылдан – 2,2 мың адам көшті, өткен жылмен салыстырғанда 30,5% көп.
Елге көшіп келгендер саны:
- қалаға – 3,7 мың адам, 14,9% аз;
- ауылға – 883 адам, 67,2% аз.
Биыл 15 жасқа дейінгі 363 бала мен жасөспірім көшіп келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,2% аз.
Жұмыс істеуге қабілетті 16 және 62/59 жас аралығындағы азаматтар саны 3,7 мың адамға, яғни 28,4% қысқарды. Сондай-ақ зейнеткерлер саны да қысқарды – 519 адам, 20,9%.
Керісінше елден 3,7 мың бала мен жасөспірім (бір жылда 42,4% көп), жұмыс істеуге қабілетті 9,8 мың адам (24,2% көп), 659 зейнеткер (43,6% көп) көшіп кетті.
Ең көп тұрғыны көшкен өңірлер:
- Қарағанды облысы – 2,1 мың адам, 37,5% көп;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1,8 мың адам, 12,6% көп;
- Павлодар облысы – 1,5 мың адам, 18,8% көп.
Ал ең азы:
- Қызылорда облысы – 32 адам, 68,4% көп.
Ең көп келгені:
- Алматы қаласы – 866 адам, 0,9% көп;
- Маңғыстау облысы – 841 адам, 60,8% аз;
- Шымкент – 419 адам, 16,5% аз.
Бәрінен аз көрсеткіш:
- Қызылорда облысы – 6 адам келді, 76,9% аз.
Мамандық бойынша көбейді:
- экономистер – 266 адамға көп, көрсеткіш 16,7% өсті;
- медицина мамандары – 152 адам, 6,3%;
- заңгерлер – 86 адам, 45,8%;
- архитекторлар – 48 адам, 2,1% көп.
Мамандық бойынша азайды:
- педагогтер – 181 адамға кем, 17,7% аз;
- агроөнеркәсіп кешені саласының мамандары – 50 адамға, 10,7%-ға азайды.
2,4 мың техникалық бағыттағы маман, 1,2 мың экономист, 678 педагог, 417 медицина маманы, 282 заңгер, 209 архитектор және 100 агроөнеркәсіп саласының маманы шетелге кетті.