Тікелей эфир

Биыл резидентураға қанша грант бөлінді?

2023 жылы резидентурға бөлінген грант саны 70% өсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70% артатынын айтқан. Үкімет 2023 жылы гранттар саны 70%, яғни 1500-ден 2500-ге дейін өскенін мәлімдеді.

"Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:

Акушерлік және гинекология – 214

Анестезиология және реаниматология – 200

Неонатология – 119

Терапия – 115

Жалпы хирургия – 98

Неврология – 92

Психиатрия – 88

Оториноларингология – 83

Кардиология – 78

Офтальмология – 66

Жұқпалы аурулар – 63

Травматология-ортопедия – 62

Эндокринология – 55

Қалғандары – 1167", – деп жазды хабарламада.


Оқи отырыңыз: Семейде студенттер мемлекеттік емтихан нәтижесіне келіспей, шу көтерді.


 

Серіктестер жаңалықтары