Тікелей эфир

Биыл Қазақстанға 6 млн адамға арнап екпе жеткізілді. Тағы 7,3 млн вакцина сатып алынбақ

Бюджет есебінен Sputnik-V, QazCovid-in, CoronaVac және "Синофарм" сатып алынды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 6 млн адамға арнап вакцина жеткізілді. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова мәлімдеді. 

2021 жылдың басынан бері елге 5,4 млн адамға арнап Sputnik-V, 134 мың адамға QazVac, 500 мың қазақстандыққа HayatVac және 250 мың адамға арнап Sinovac жеткізілді. Жыл соңына дейін қазақстандықтарға арнап тағы да екпе сатып алынбақ. 

"Дәлірек жыл соңына дейін 7,3 млн адамға вакцина сатып алынады. Соның ішінде Sputnik-V екпесінің 2 млн адамға арналған дозасы тамыз-қыркүйек айларында елге жеткізілуге дайын. 2 млн адамға екпе салу үшін "Синофарм" сатып алынады. Оның 1 млн дозасы елге келіп үлгерді. Тағы 1 млн 350 мың адамға QazVac сатып аламыз. Бюджет есебінен Sputnik-V, QazCovid-in, CoronaVac және "Синофарм" сатып алынды. Ал бюджеттен тыс "Самұрық-Қазына" ақшасына Hayat-Vax жеткізілді", – деді басқарма басшысы Марал Рахымжанова.

Ведомство жетекшісінің айтуынша, құпиялылық келісімшартына қол қойылғандықтан, әр екпенің бағасы жарияланбайды. Әзірге халық сұранысына сәйкес, өндірушілермен бағаны жариялауға рұқсат беру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Еске салсақ, Pfizer алдымен жүкті келіншектер мен балаларға салынатыны туралы хабарланды. Осы орайда, министр оны күтпей, бар екпені алуға кеңес берді. Әлем елдері оны 12 жастан асқан балаларға ата-анасының рұқсатымен салып жатыр.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары