Антирейтинг тізімінде Қазақстан 195 елдің ішінде 50-орында тұр.
2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 802,9 млн теңгеге жерлеу рәсіміне байланысты қызметтер көрсетілді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 82,2% көп, деп хабарлады Finprom.kz.
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында қызмет көлемі 2,5 млрд теңгеге жеткен еді. Кісі өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш осыдан 9 жыл бұрын тіркелген:
- 2012 жылы көз жұмғандар саны – 37 мың;
- 2020 жылы – 31,2 мың;
- 2021 жылы – 36,1 мың.
Елде Covid-19-дан көз жұмғандар саны өсіп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше:
- 2021 жылдың 3 тамызына дейін коронавирустан 6 277 адам;
- 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 2021 жылдың 2 тамызына дейін пневмониядан 3 781 адам көз жұмды.
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда 4 тамызға дейін коронавирустан 9 077 адам қайтыс болған. Антирейтинг тізімінде Қазақстан 195 елдің ішінде 50-ші орында тұр.
Covid-19-дан ең көп өлім келесі мемлекеттерде тіркелді:
- АҚШ – 614,3 мың адам;
- Бразилия – 558,4 мың адам;
- Үндістан – 425,8 мың адам.
- Аталған антирейтингте Ресей 6-орында – 159 мың адам көз жұмған;
- Украина 18-орында – 55,7 мың адам;
- Қырғызстан – 2,4 мың адам;
- Өзбекстан – 901 адам.