Тікелей эфир

Биыл Қазақстанда 4 миллионға жуық адам декларация тапсыруы тиіс

Декларация тапсыратындар ішінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бар.

Бұл азаматтар шетелдегі үйі мен банктегі қаржысын міндетті түрде көрсету қажет, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сондай-ақ, құны 3,5 миллион теңгеден асатын асыл тұқымды жануарды көрсету әр адамның өз еркінде. Ал, декларация тапсырып үлгермегендер немесе тапсырудан әдейі жалтарғандар жауапқа тартылады. Алдымен ескерту жасалады. Заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса – 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.

"Бұл азаматтарға ел аумағындағы үйін, қазақстандық банктердегі шоттар туралы мәліметті көрсетудің қажеті жоқ. Мұндай ақпарат мәліметтер базасында болғандықтан, автоматты түрде есептеледі. Декларацияны әр азамат өзі тапсырады, өйткені болашақта бұл үшін қандай да бір жауапкершілік туындауы мүмкін. Егер кәсіпкер декларацияны тапсырып, алайда қандай да бір мүлікті көрсетуді ұмытып кетсе – қосымша декларацияны толтырады. Үш жыл ішінде өзгерістер енгізуге болады", – деді ҚР мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.


Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап декларация ұсынбаған жеке тұлғаға қандай жаза қолданылады


Сала мамандарының жүргізген статистикасы бойынша жыл басынан бері 121 мың адам декларацияның үшінші кезеңіне құжат тапсырған.

Серіктестер жаңалықтары