Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов ҚазАқпарат агенттігінің сауалына берген жауабында Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 800 мыңнан астам әскерге шақырылушы жастар бар екенін айтты. Оның ішінде биыл 34-36 мыңын әскер қатарына шақыру жоспарланса, солардың ішінде 18 мың азамат биыл күзде шақырылады.
"Жастардың ішінен денсаулығы жақсы, әскерге дайындалған, моральдық-психологиялық тұрғыдан шыңдалған азаматтарымызды әскерге жіберіп жатырмыз", – деді Ғани Артықов.
Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, бүгінге дейін әскерден жалтарған жастардың бірде-біріне ірі көлемде айыппұл салынбаған. Тек әскерге шақыру кезінде пунктіге уақтылы бармағандар немесе әскери тіркеу ережесін бұзғандар ғана аз көлемде айыппұл арқалапты.
Сонымен қатар, айыппұл салынған азаматтар әскери борышын өтеуден босатылмайды.
Оқи отырыңыз: Биыл 17 мың адам әскерге шақырылады. Олар білуі тиіс 8 сұраққа жауап