Биыл жыл басынан бері 1 306 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.
Олардың жартысына жуығы яғни, 48,9 пайызы Қытайдан, 29,6 пайызы Өзбекстаннан, 8,3 пайызы Моңғолиядан, 4,4 пайызы Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан қоныс аударып отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қалған 1,5 пайызы өзге де елдерден көшіп келген.
Ресми дерекке сәйкес, қоныс аударушылардың еңбекке қабілеттісі 56,2 пайызды құрайды. 33,6 пайызы – балалар, 10,2 пайызы – зейнеткерлер. Ал, жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 129 мың 600 қандасымыз оралған.
Оқи отырыңыз: Жаңа жүйе іске қосылды: Қандас мәртебесі мен "Ата жолы" картасы қызметін көрсетеді