Тікелей эфир

Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні неге полиция шақырмағанын айтты

Оның айтуынша, ол кісі өлтіру болады деп ойламаған, себебі оқиғадан 10 күн бұрын бұдан да қаттырақ айғайлаған дауысты естіген.

Елордалық сот экс-министр Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың өлімінен бір күн бұрын BAU  мейрамханасында болған куәгерден жауап алды.

Дизайн саласындағы фрилансер Дамир Мейірбеков мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін айтты.

"Осыдан 10 күн бұрын (кісі өлтірілген күнге дейін – Автор) олар түннен таңғы алтыға дейін осы VIP кабинада болды және қатты айғай-шу естілді. Нақты не екені белгісіз, бірақ ол кездегі дыбыс 9 қарашадағы дыбысқа арағанда қаттырақ болды. Ал таңғы алтыда Бишімбаевтың кабинадан шығып, оны (Нүкенованы – Автор) лифтке қарай сүйрегенін байқадым. Ол (Нүкенова – Автор) киім киген, басы жасырылған күйде болды. 10 күн бұрын болған жағдаймен салыстырсам, ол кезде айғай-шу қаттырақ болды. Ол кезде әлденені төңкеріп жатқаны естілді", – деді куәгер.

Оның айтуынша, қазан айының соңында дыбыстар қаттырақ болды.

Қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні Мейірбеков әріптестерімен мейрамхананың жалпы бөлмесінде қабырғалар мен едендерді сырлап жатқан. Сағат 6.35-те ол мекеме әкімшісіне аяқталған жұмыстың фотосуретін және келесі мазмұндағы хабарламаларды жіберді:

"Картиналар ілулі тұрған қабырғаны бітіруге рұқсат етілмеді. Қуандық VIP кабинаны төңкеріп тастаған сияқты, әйелі тірі деп үміттенемін. Жалаңаш денесіне пиджак киіп (жүрді. – Автор), маска шоуын қойды. Біз кеттік. Ол не оны ұрды, не мүлікті бүлдірді. Алдыңғы есіктің әйнек есігін жұлып ала жаздады".

Әкімші бұл жігітке Қуандық Бишімбаев оны шаршата бастағанын, барлық әйнекті сындырғанын, бұл тауарлық-материалдық құндылықтардың тапшылығына себеп болғанын жазған.

Зардап шеккен тараптың адвокаттары жұмысшылардың неліктен полиция шақырмағанын сұрады.

"Мен мұндай көріністі 10 күн бұрын көрдім және ер адам әйелін өлтіруі мүмкін деп ойламдым. Жұмысқа келген сайын бізді Бишімбаевтан қорғайтын. Олар боямай тұра тұруымызды өтініп, ол кеткенше күтті", – деп жауап берді Мейірбеков.

Ол Бишімбаевтан қорқатынын растады.

Сот отырысының тікелей көрсетілімін YouTube арнамыздан көріңіз.


Оқи отырыңыз: "Денесін түгел көрпемен жапқан". Жедел жәрдем дәрігері сотта Нүкенованың өліміне қатысты куәлік берді


 

Серіктестер жаңалықтары