Тікелей эфир

Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындаған жоқ

Экс-министр соттың алқабилер қатысуымен ашық өтуін сұрады.

Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындамады. Бұл туралы ол судьяның сұрағына жауап ретінде айтты.

"Айыпталушы, 99-баптың 2-бөлігі аса ауыр қылмыстар санатына жататынын түсіндіремін.Осы санаттағы істер бойынша заңда істі алқабилердің қатысуымен сот талқылауы қарастырылған. Сіздің пікіріңіз қандай?" – деп сұрады судья сотталушы Бишімбаевқа.

"Мен өз ісімді алқабилердің қатысуымен қарағым келеді. Сот ашық сот отырысында өтіп, баспасөз өкілдері де қатысып, материалдар таратылса деймін. Бұл менің өтінішім", – деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.


Оқи отырыңыз: "Ұрып-соғып, интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген". Прокурор Бишімбаевтың әйеліне қалай зорлық көрсеткенін айтты


Елорда сотында өзінің жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Істі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары