Елорда сотында жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасуда.
Өткен отырыста прокурор Саяхат Нұрбеков екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа ҚР Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша тағылған айыптан бас тартып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастыруды сұрады. («Аса ауыр қылмысты алдын ала уәдесіз жасыру») . Сот тараптарға 2 мамырға дейін Байжановқа тағылған айыптың жаңа редакциясымен танысуға уақыт берді.
Оқи отырыңыз: Бишімбаев баланы қағып кетті ме? ІІМ тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады
Informburo.kz сот отырысын өзінің YouTube арнасында көрсетеді.