Доллар бағамы 473,22 теңгені құрады.
Ұлттық банк 21 қыркүйекке Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 1,77 теңгеге өсіп, 473,22 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 472,5 теңгеден сатып алынып, 475,5 теңгеден сатылуда.
Рубльдің ресми бағамы бір тәулік ішінде өзгерген жоқ – 4,9 теңге. Ақша айырбастау орындарында рубль 4,81 теңгеден сатып алынып, 5,01 теңгеден сатылуда.
Оқи отырыңыз: Бір жылда сергітетін газдалмаған сусын 35% қымбаттады.