Жалақыдан бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады:
- жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі.
Олар, сондай-ақ қызметкерлердің табысынан бірыңғай төлемді аудару бөлігінде салық агенттері ретінде әрекет етеді.
Бірыңғай төлемге:
- қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы;
- міндетті зейнетақы жарналары;
- әлеуметтік аударымдар;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар жатады.
Оқи отырыңыз: Жалақысы 160 мың теңге адам қанша зейнетақы алады? Жауаптың екі нұсқасы бар
Бірыңғай төлем мөлшерлемесі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының 20%-ы;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5%;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8%;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8%;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8%;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3%.
Бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарнасының үлесі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50%;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5%;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42%;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3%;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8%;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38%.
Бірыңғай төлемді аудару мерзімі – ай сайын, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмей аударылуы тиіс.
Бірыңғай төлемді енгізу арнаулы салық режимі бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс. Ол енді бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, тағы бір артықшылық – бұл төлемнің жалпы сомасының мөлшері бөлек төлемге қарағанда аз. Сонымен қатар, салық агенті қызметкерлердің тиісті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын табыстарына салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды. Бастапқы немесе кезекті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің табыстарына салық салудың таңдалған тәртібі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.