USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -17°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -17°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Бірнеше өңірде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Кейінгі екі жылда 1 мыңнан астам атыс қаруы тәркіленді.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сонымен қатар алты граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.

Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. үш шолақ мылтық, үш тапанша, төрт граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.

Тараз қаласында екі шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды. Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді. Алматы облысында екі қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сонымен бірге қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі Макаров тапаншасы табылды. Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен бес травматикалық тапанша тәркіленді.

"Кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1 000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Серіктестер жаңалықтары